$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда қауіпті дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды

Алматыда қауіпті дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды
Polisia.kz

Алматыда қауіпті дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды.

Алматы қаласында қауіпті көлік жүргізу фактілері мен қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында жүйелі рейдтік іс-шаралар жалғасуда. Кезекті өрескел құқық бұзушылық түнгі уақытта қаладағы сауда үйлерінің бірінің автотұрағында тіркелді. Жүргізуші автокөлікпен дрифт жасап, қатты шу шығару арқылы тұрғындардың тыныштығын бұзған, жол қозғалысы ережелерін елемеген және жол жабынына зақым келтірген. Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны жедел түрде анықтап, ұстады. Аталған дерек бойынша оған қатысты заңнамада көзделген әкімшілік шаралар қолданылып, жиналған материалдар соттың қарауына жолданды. Сот шешімімен жүргізуші кінәлі деп танылып, әкімшілік қамауға алынды. Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаевтың айтуынша, мұндай әрекеттерді ойын-сауық немесе жүргізушілік шеберлікті көрсету деп бағалауға болмайды.

- Дрифт жасау арқылы қоғамдық тәртіпті бұзу, тұрғындардың тыныштығына кедергі келтіру және айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндіру – заң талаптарын өрескел бұзу болып табылады. Мұндай құқық бұзушылықтардың барлығы анықталып, жолы кесіледі. Ал кінәлі тұлғалар міндетті түрде жауапкершілікке тартылады, – деді ол.

Алматы қаласының полициясы қала көшелері, аулалар мен автотұрақтар қауіпті маневрлер жасауға емес, қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге арналғанын еске салады. Әрбір құқық бұзушылық заң аясында бағаланып, тиісті салдарға әкеледі.