$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарда танысын өлтірген тұрғын 8 жылға сотталды

11.06.2026ж. 19:00
Павлодарда танысын өлтірген тұрғын 8 жылға сотталды

Павлодарда танысын өлтірген тұрғын 8 жылға сотталды. Қайғылы оқиға осыдан 4 жыл бұрын болған. Шарбақты ауданындағы жеке меншік үйлердің бірінен ер адамның мәйіті табылды. Алайда, тәртіп сақшыларына қылмыстың ізін суытпай ашу мүмкін болмады. Десе де,  жүйелі іздеу жұмыстарының арқасында қанды қол қылмыскер ұсталынды. Сот барысында ол өз кінәсін мойындады. Сот оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Биыл жедел іздестіру шараларының нәтижесінде денсаулыққа аса ауыр зиян келтірген 17 қылмыстың  беті ашылды. 

ДАРХАН ҚИЗАТОВ, ШАРБАҚТЫ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ТЕРГЕУШІСІ:

Ұзақ жылғы іздеуден кейін марқұмның байланыс ортасын толық тексеру нәтижесінде күдікті анықталды. Ол қаза тапқан азаматтың танысы болып шықты. Тергеу барысында оқиға күні ер адамдардың бірге спирттік ішімдік ішкені белгілі болды. Араларында туындаған жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге дене жарақаттарын салған. Соның салдарынан ол көз жұмған.