$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістан қаласында 15 жастағы оқушының өліміне қатысты іске нүкте қойылды

Түркістан қаласында 15 жастағы оқушының өліміне қатысты іске нүкте қойылды

Түркістан қаласында 15 жастағы оқушының өліміне қатысты іске нүкте қойылды. Басты айыпталушы 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айрылды.

Ал осы қылмысқа қатысы бар кәмелет жасына толмаған тағы үш бала 1жыл 4 ай мерзімнен шартты жазаға кесілді. Айыпталушылардың марқұм Мейіржан Нұржанұлына әлімжеттік жасағаны сотта толығымен дәлелденді. Еске салайық, 15 жастағы баланың денесі былтыр қараша айында қала сыртындағы зират маңынан табылған болатын. Марқұмның  жақындары қылмысқа өзінің қатарластары кінәлі екенін, олар сұраған ақшаны бермегені үшін күш көрсеткен деп кінәлаған еді. Ол  жүрек тұсынан алған соққыдан соң жан тапсырған. Марқұмның қорғаушысы анасының кінәлілерге кешірім бергенімен, заңды өкілі ағасы сот тағайындаған жазамен келіспейтінін мәлімдеді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.