$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарда 17 жастағы бозбала суға батып, мерт болды

11.06.2026ж. 19:00
Павлодарда 17 жастағы бозбала суға батып, мерт болды

Павлодарда 17 жастағы бозбала суға батып, мерт болды. Қайғылы оқиға  шомылуға тыйым салынған жасанды су қоймасында болған. Аптап ыстықта салқындап алмақ болған жас жігіт суға сүңгимін - деп  батып кетіпті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар бозбаланың мүрдесін судан алып шықты. Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталынатын болады. Төтенше жағдайлар қызметі ата-аналарға балаларын қараусыз жібермеуді, шомылуға тек рұқсат етілген жерлерде ғана  суға түсуді ескертеді.