Павлодарда жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасалды. Көшеде есінен танып жатқан тұрғынға көмекке көрсеткен ақ халаттыларға науқас пышақ ала жүгірген. Онымен қоймай, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін жұдырықпен ұрған. Бұдан кейін ол көлік ішіндегі медициналық препараттар салынған қобдишаларды лақтырып, ойран салған. Оқиға орнына дереу жеткен полиция науқасты қамауға алды. Полиция құқық бұзушыға қатысты қылмыстық іс қозғап, оны мамандандырылған емдеу мекемесіне жатқызды.
АСҚАР ҒАЗИЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды. Зардап шеккен медицина қызметкерлері құқық қорғау органдарына тиісті арыз жазды.