$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жыл басынан бері 1200-ден астам заңсыз қару тәркіленді

AstanaTV
11.06.2026ж. 19:00
Жыл басынан бері 1200-ден астам заңсыз қару тәркіленді

Биыл бес айда 1200-ден астам заңсыз қару тәркіленген. Оның ішінде 18 автомат, екі гранатаатқыш, 320-дан астам тапанша, 100 ден аса ойық , 700 тегіс ұңғылы  мылтық бар. Қаңтар оқиғасында қолды болған 120 қару да табылған. Сондай-ақ, азаматтар ерікті түрде 750 қару мен 4 мыңға жуық оқ-дәріні тапсырған.

ҚАНАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ, ІІМ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Мамыр айында Алматы қаласы мен Алматы облысында тіркелмеген бірқатар қару тәркіленді. Олардың арасында қаңтар оқиғасы кезінде оңтүстік мегаполистегі қару дүкендерінен ұрланған қарулар да анықталды. Қазір елімізде халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы жүргізілуде.