Астаналық ару да қолына қару алған. Әлеуметтік желіде тараған бейнеде аялдамадағы әйел адам автоматпен атысып жатқандай көрінеді. Ондағысы ойыншық екен. Бірақ заң ойнадың екен демеді. Сот шешімімен 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды. Айналасындағыларға қару кезеген ару осылай жауапқа тартылды.