$541.34 €640.73 ₽6.53
×

ІІМ: Ақтауда оңтүстік өңірлерден аса ірі көлемдегі гашиш партиясын тасымалдау арнасы жойылды

ІІМ: Ақтауда оңтүстік өңірлерден аса ірі көлемдегі гашиш партиясын тасымалдау арнасы жойылды
Polisia.kz

Маңғыстау облысында аса ірі көлемдегі есірткіні жеткізу арнасы жойылды.

- ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері еліміздің оңтүстік өңірлерінен келген, каннабис тобына жататын аса ірі мөлшердегі есірткіні жеткізудің тұрақты арнасын жапты. Мамыр айының соңында Ақтау қаласында есірткінің заңсыз айналымына күдікті ер адам ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында гашиш есірткісі салынған төрт пакет тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткінің жалпы салмағы төрт килограмнан астам. Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ведомство есірткінің заңсыз айналымының кез келген фактісіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң шара қабылданатынын ескертеді, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.