$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызын қызғанамын деп қамауға алынды

12.06.2026ж. 19:00
Қызын қызғанамын деп қамауға алынды

Орал қаласының тұрғыны бұрынғы ғашығын қызғанып, қамауға алынды. Полиция дерегінше, сүйіктісінің жұмыс орнына келген оралдық “Отелло” айқай шығарып, балағат сөздер айтыпты.

Ғашығына гүл ұстап келгеннен гөрі күш көрсеткенді жөн көрген жігіттің дөрекілігі клиника қызметкерлері мен келушілердің мазасын алған. Куәлердің айтуынша, оның қолында тапанша болыпты. Зәресі ұшқан жұрт дереу қызға ара түсіп, полиция шақыртады. Тәртіп сақшылары тентекті ұстап, қолындағы қарудың ойыншық екенін анықтады. Енді оған сүйіктісі кешірім бермесе, түрмеден хат жазуы мүмкін.

АЛИМА ҒАРИФУЛЛИНА, БҚО ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Аталған дерек бойынша ер адамға қатысты ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдарын қарау нәтижесінде сот оны кінәлі деп танып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасын тағайындады. Полиция кез келген жанжалды тек заң аясында шешу қажет екенін, қоғамдық тәртіпті бұзу мен агрессиялық әрекеттерге жол берілмейтінін ескертеді.