$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылорда тұрғыны нанның ортасына екі ұялы телефон салып, түрмеге беріп жібермек болған

Қызылорда тұрғыны нанның ортасына екі ұялы телефон салып, түрмеге беріп жібермек болған
polisia.kz

Қызылорда облысындағы түрмелердің бірінде жақынына сәлемдеме әкелген азамат нанның арасына екі ұялы телефон салып, оны сотталушыға беріп жібермек болған.

Бұл сәлемдеме ұрлық фактісі бойынша сотталған адамға келіпті.

«Тексеру барысында ҚАЖ департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері мен Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшілері нанның ішінен екі ұялы телефон тауып, тәркілеген. Аталған дерек бойынша сәлем-сауқат әкелген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік материалдар жинақталып, сот қарауына жолданды», - деп хабарлайды полиция.

Айта кетейік, бұған дейін біз қуырдақ пен етіктің ұлтарағына ұялы телефон жасырып, түрмеге беріп жібермек болған азаматтар туралы жазған едік.