$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтөбеде заңсыз есірткі айналымының жолы кесілді

Ақтөбеде заңсыз есірткі айналымының жолы кесілді
Polisia.kz

Ақтөбеде есірткі сатумен айналысқан деген күдікке ілінген интернет-дүкеннің қызметі тоқтатылып, есірткі, қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкерлері арнайы мақсаттағы бөлімше жауынгерлерінің қатысуымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында өңір аумағында есірткі заттарын сатумен айналысқан деген күдікке ілінген 38 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады.

Санкцияланған тінту барысында күдіктінің тұрғылықты жеріндегі қойма үй-жайынан екі ұңғылы аңшы мылтығы, оған арналған оқ-дәрілер, травматикалық және пневматикалық тапаншалар, револьвер, сондай-ақ Ф-1 гранатасы мен басқа да оқ-дәрілер табылып, тәркіленді. Күдіктінің қылмыстық байланыстарын анықтау барысында оның танысы да қолға түсті. Жалға алынған пәтерде жүргізілген тінту кезінде полиция қызметкерлері гашиш майы (WAX) құйылған 70 құтыны және заңсыз қызметтен түскен болуы мүмкін ақшалай қаражатты тәркіледі. Аталған фактілер бойынша аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау, сондай-ақ қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция есірткі құралдарының заңсыз айналымы мен қару-жарақты заңсыз сақтау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Қазіргі уақытта өңірде есірткі қылмыстарының жолын кесу, олардың ұйымдастырушылары мен қатысушыларын анықтау бағытындағы жедел-іздестіру шаралары жалғасуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.