$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Көкшетауда үйдің шатырына найзағай түсті

Көкшетауда үйдің шатырына найзағай түсті
Фото: ҚР ТЖМ

Көкшетау қаласында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Оқыс оқиғаға найзағайдың түсуі себеп болған.

 

Хабарлама түскен бойда оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жөнелтілді. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі шапшаң әрекеттерінің арқасында жалын ошағы қысқа уақытта оқшауланып, оттың жақын маңдағы ғимараттарға таралуына жол берілмеді.

Өрт 120 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Құтқарушылардың кәсіби жұмысы ірі материалдық шығынның алдын алып, көршілес нысандарды өрттен сақтап қалуға мүмкіндік берді.