Жуалы ауданындағы «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасында акваторияны патрульдеу барысында Жамбыл облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының күшімен 2005 жылы туған азамат құтқарылды.
Жас жігіт шомылуға тыйым салынған жерде суға түсіп, бата бастаған. Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында зардап шегуші дер кезінде судан шығарылды.
Оқиға орнында құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.