$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Бозжырада Джеки Чан фильмінің түсірілімі басталды

AstanaTV
15.06.2026ж. 14:17
Бозжырада Джеки Чан фильмінің түсірілімі басталды
фото: Маңғыстау облысы әкімдігінен

Маңғыстау облысында әлемге әйгілі актер Джеки Чанның қатысуымен түсірілетін «Доспехи Бога 4: Ультиматум» халықаралық киножобасының түсірілімі басталды.

Фильмнің негізгі локацияларының бірі ретінде Бозжыра шатқалы таңдалған. Мамандардың айтуынша, бұл Маңғыстаудың туристік әлеуетін халықаралық деңгейде танытып, ішкі туризмді дамытуға серпін береді.

Түсірілім жұмыстары биыл аяқталып, фильм 2027 жылдың ақпан айында прокатқа шығады деп жоспарланып отыр.