$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматылық бойжеткен протез аяққа зәру

AstanaTV
13.02.2018ж. 20:00
5241
Алматылық бойжеткен протез аяққа зәру

Алматылық бойжеткен бір аяққа зәру. 30 жасар Надира осыдан бір жыл бұрын қатерлі ісіктен оң аяғына ота жасатқан. Енді соның орнын соңғы үлгідегі протезбен алмастыруды армандайды. Ол үшін әрине, қомақты қаражат қажет. Бұған дейін тегін квотамен кезегі келіп отандық өнім де алған. Бірақ ол ыңғайлы емес дейді. Сондықтан балдаққа тәуелді. Басына түскен ауырлықты жеңу  ге ұмтылған бойжеткен тағдыры жайлы Олжас Нұржақып әңгімелейді.

Балдаққа таңылған бойжеткен, икемге келмейтін жасанды аяқ. Надираның күндегі уақыты осы протезге бой үйретуге кетеді. Ауыр, ыңғайсыз. Сондықтан балдаққа тәуелді.

Надира Аухадиева, Алматы қаласының тұрғыны:

Протезбен ұзақ уақыт жүре алмаймын. Өйткені ауыр болғандықтан тез шаршатады да, бел омыртқама нагрузка түсіп, оны қимылдату үшін көп күш жұмсаймын. Тізесін қимылдату үшін, протездің өзін тасып жүру үшін, көп күшім кетеді. Балдақпен оңайырақ маған өйткені артық салмақ жоқ та. Балдақпен мен жеңіл тез-тез қозғалам.

Алғаш 2014 жылы шыққан ісікті алдыруға қорыққан ол 2017 жылы қатерлі аурудан амалсыз пышаққа түскен. Үш жылда үлкейіп кеткендіктен ота арқылы аман қалу үшін оң аяғынан айырылыпты. Ал, мамыр айында мүгедектік бойынша комиссиядан өтіп, қарашада кезегімен протез киеді. Бірақ үш айдан бері үйренісе алмаған. Сондықтан, заман талабына сай жасалған жасанды протез алу үшін өзі әрекет жасап, өзге елден табады. Ал оның құны қомақты. Өмірге деген ұмтылыс жүруге деген құлшыныс бойжеткенді көпшіліктен көмек сұрауға жетелеп отыр.

Надира Аухадиева, Алматы қаласының тұрғыны:

Ең соңғы технологиялармен заманауи протез жасайтын болсам менің амплутациям бойынша 70 мың евро шығады екен. 70 мың адам тапсам протездің ақшасын таба аламын, сатып алаламын.  10 мың евродан артық ақша жиналды. Енді кішкене қалды тағы деп ойлаймын. Басы басталды негізі істің. Бәрі жақсы келе жатыр. Күнде жақсы адамдар жазып жатыр, ақша салып жатыр. Соған риза болып отырмын.

70 мың адам бір евродан көмегін берсе электронды микропроцессоры бар жаңа протез сатып алмақшы. Компьютерлендірілген жасанды мүше сау аяқтың қимылын қайталайды. Сол арқылы балдақтан да, бүгінгідей берекетсіз әрекеттен де құтылар едім дейді ол. Әрине, бойжеткеннің бұл талпынысына көмек қолын созғандар көп. Бірақ қажетті сомманы толт ыру үшін әлі де біраз қаржы керек. Надира үмітін үзбейді, армандар орындалатынына сенеді.

Олжас НҰРЖАҚЫП