$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстанда жолаушылар вагондарының тозуы 36%-ға дейін төмендеді

Қазақстанда жолаушылар вагондарының тозуы 36%-ға дейін төмендеді
ҚТЖ

Қазақстанда сүйреу құрамның тапшылығы мәселесі толығымен шешіліп, жолаушылар вагондары паркінің тозуы 36%-ға дейін төмендеді. Үкімет отырысында жылжымалы құрамды жаңғырту туралы «Қазақстан темір жолы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов баяндады.

Оның айтуынша, соңғы үш жылда 433 локомотив сатып алудың нәтижесінде еліміздегі сүйреу құрам тапшылығы мәселесі толық шешімін тапты. Бұл магистральдық локомотивтердің орташа тозуын 66%-дан 58%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Жолаушылар секторында 5 жыл ішінде тозу 46%-дан 36%-ға дейін қысқарды.
 

«Біз жылжымалы құрамды кезең-кезеңімен жаңартуды жалғастырып келеміз. 2030 жылға дейін тағы 754 локомотив сатып алу жоспарланған, олардың қатарына жүк, жолаушы және маневрлік локомотивтер кіреді. Қызмет ету мерзімінің аяқталуына байланысты істен шығатын құрамды ескере отырып, шамамен 20 мың жаңа жүк вагоны сатып алынады. Сонымен қатар алдағы жылдары 746 жолаушылар вагонын жеткізу жоспарланып отыр. Қабылданып жатқан барлық шаралар теміржол тасымалдарының қауіпсіздігі мен сенімділігін түбегейлі арттыруға мүмкіндік береді»,  - деді басқарма төрағасы.