$487.17 €565.65 ₽6.72
×

Отандасымыз Абылайхан Жүсіпов бразилиялық боксшыны жеңді

17.06.2026ж. 11:38
Отандасымыз Абылайхан Жүсіпов бразилиялық боксшыны жеңді
Фото: olympic.kz

Абылайхан Жүсіпов Әлем кубогында бірінші жеңісін тіркеді, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әлем чемпионы, 70 келідегі тәжірибелі боксшылардың бірі саналатын Абылайхан Жүсіпов 1/8 финалда өткен Әлем кубогының финалисі Кайан Рейеспен (Бразилия) жұдырықтасты.

Отандасымыз алғашқы раундтан жекпе-жекті толықтай өз бақылауында ұстап, 4:1 есебімен басым түсті.

Сонымен қатар, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 60 келіде ел чемпионы саналатын Серік Теміржанов 1/8 финалда АҚШ-тың жас боксшысы Салим Еллис Беймен жолы түйісті. Отандасымыздың бұл жекпе-жегінде төрешілер жеңісті бірауыздан қарсыласқа берді.