$488.37 €559.77 ₽6.64
×

Атырауда 4 бірдей адамды асқан қатыгездікпен өлтірген С.Сәрсемәлиевтен марқұмның туыстары 70 млн теңге моралдық өтемақы талап етті

Атырауда 4 бірдей адамды асқан қатыгездікпен өлтірген С.Сәрсемәлиевтен марқұмның туыстары 70 млн теңге моралдық өтемақы талап етті

Атырауда 4 бірдей адамды асқан қатыгездікпен өлтірген Сұлтан Сәрсемәлиевтен  марқұмның туыстары 70 млн теңге моралдық өтемақы талап етті. Кезекті сот отырысында алдымен сот-медициналық сарапшы жауап берді. Белгілі болғандай,  ерлі -зайыптылар мен қызы Мейрамгүлді ің жарақаттары тым терең болғаны сонша денесін тесіп өткен. Сараптамада кей жарақаттардың 17- 18 см дейін  жеткені анықталған.  Сондай-ақ Наурыздың  басы мен қолының  денесінен бөлініп шығуы 10 айдан астам жатқан  мәйіттің шіру процесінен болу  мүмкін,-деді от барысында судья жәбірленуші тараптың азаматтық арызын оқыды.

ЗАРЕМА ХАМИДУЛЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Сәрсемәлиевтің қылмыстық әрекеті салдарынан  4 бірдей бауырымнан айырылдым.  Маған бұл орны толмас ауыр қаза. Және өмір бойына жазылмайтын жарақат. Бауырымнан айырылу аса ауыр моралдық-психологиялық  күйзеліс әкелді.  Бұл қайғы денсаулығыма аса ауыр тиді.  Осы жағдайдан кейін бірнеше рет ауырып ауруханаға жатып емделіп шықтым.  Мақоттың 67 жасына дейін  бүкіл шаңырақты асырап, бағып отырған мал-мүлкін талан таражға салды.  Марқұмдардың өмірден өткені жасалып жатқан қаделеріне материалдық  азық-түлік және басқа да көптеген шығындар әкелді.  Осған орай сізден маған келтірілген моралдық  70 млн теңге шығындарды өтеп беруді сұраймын,-еп азаматтық талап қойған.

СҰЛТАН СӘРСЕМАЛИЕВ, СОТТАЛУШЫ:

Қабылмаймын, бірақ қайтаратыныма кепілдік бере алмаймын.  Алдымда не күтіп тұранын жақсы білемін. Өмір бақи түрме, одан қалса өлім күтіп тұр.  Артымда тәркіленетін мүлкім жоқ ешқандай.  Бес балам бар. Одан басқа байлығым қалған жоқ ешқандай.

Жауап беру барысында Сұлтан Сәрсемәлиев  істеген ісіне өкінгенімен еш аяушылық сезінбеймін,- деді. Марқұмдармен арадағы кикілжіңге   дәлел дыбыстық жазбаны тыңдау үшін  Наурыздың телефонын алдырды.