$487.73 €558.99 ₽6.63
×

Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің шығыны жеті есе өскен

Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің шығыны жеті есе өскен

Мемлекеттік қордан миллиардтап пайда табатын ірі компаниялардың шығыны неліктен бюджет есебінен өтелуі керек? Сенатта ауыл шаруашылығын қаржыландырудың тиімділігіне қатысты осындай өткір сауал көтерілді. Депутат Сергей Карплюктің айтуынша, биыл облигациялық қарыздар бойынша купондық сыйақыны субсидиялауға қазынадан 68,7 миллиард теңге бөлінген. Бұл көмекті иеленетін «Аграрлық несие корпорациясы» мен «КазАгроФинанс» ұйымдарының өз табысы да шаш-етектен. Тек өткен жылдың өзінде қос құрылымның таза пайдасы шамамен 110 миллиард теңгеден асқан. Қалтасында қаржысы бар алпауыттар неге шығынды мемлекетке артып қояды деп депутат ауыл шаруашылығы министріне  сауал қойды.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:

Бюджетке салмақ түсірмеу үшін купон арқылы коммерциялық ақша тарту туралы шешім қабылданды. Соның нәтижесінде Аграрлық несие корпорациясы 700 миллиард теңге тартты, бұл шара 8,5 миллион гектар жерді қамтыды. Несие алушылардың 90 пайыздан астамы орта және ұсақ шаруашылықтар. Мұндай тәсіл фермерлерге екі жыл қатарынан рекордтық өнім алуға мүмкіндік берді. Сол себепті агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімі 15 триллион теңгеге жетті.