Adv pic
$473.22 €506.11 ₽4.9
×

«25 жыл: Бір Ел. Бір Тағдыр» патриоттық интернет акциясы басталды

AstanaTV
18.02.2016ж. 20:00
2430
«25 жыл: Бір Ел. Бір Тағдыр» патриоттық интернет акциясы басталды

Ел Тәуелсіздігінің 25-жылдығы құрметіне орай «25 жыл: Бір Ел. Бір Тағдыр» патриоттық интернет акциясы басталды. Ол www.25.el.kz сайтының платформасында жасақталды. Мақсаты - әлеуметтік желілердегі аватарды патриоттық нақышта безендіру.

Акция Орталық коммуникациялар қызметі алаңында 10 сағат 25 минут 25 секундта басталды. Арнайы флешмоб өткізіліп, әлеуметтік желі қолданушылары өз аватарларын бір сәтте патриоттық нақышпен безендірілген аватарға ауыстыруға мүмкіндік алды. Бастаманы қолдаушылар саны сәт санап артып келеді. Жоба аясында 30 мыңнан астам ғаламтор пайдаланушы қазақстандық өз аватарларын мерекелік нышанға безендіріп үлгерді.

Айгүл Шерниязова el.kz сайты маманы:

25.el.kz сервисін іске қостық. 16 желтоқсанды барша қазақстандықтар жаңартылған аватармен қарсы алса дейміз. Өз елімізді қаншалықты сүйетінімізді барша әлемге паш еткіміз келеді. Осылай жұмыла отырып, ұйымшылдықтың үлгісін танытсақ дейміз.   

Базаргүл ОТЫНШИЕВА