$511.18 €530.6 ₽5.28
×

Солтүстік Қазақстан облысында жазасын өтеп жатқан 500 азамат еңбекпен қамтылған

AstanaTV
18.02.2016ж. 20:00
1751
Солтүстік Қазақстан облысында жазасын өтеп жатқан 500 азамат еңбекпен қамтылған

Қызылжарда түрме реформалары сәтті жүзеге асып жатыр. Бұл туралы арнайы форумға жиналғандар айтты. Алқалы жиынға қатысушылар бұл жүйені жетілдіруді көздеп отыр. Жазасын өтеп жатқандар ертең бостандыққа шыққаннан кейін бірден еңбек етуі тиіс. Сондықтан оларды белгілі бір кәсіпке баулу үшін, қазір облыстағы колонияларда түрлі өндіріс цехтары ашылған. 

Руслан Мамбетов, СҚО прокуратурасы 7-ші басқарманың басшысы:

Жазасын өтеп жатқандар бостандыққа шықаннан кейін бірден кәдімгі өмірге бейімделуі керек. Яғни еңбек етуі тиіс. Қазір өңірдегі түзету мекемелерінде 10 кәсіпкер екі жүзден астам адамды еңбекпен қамтып отыр. Олар тігін, ағаш өңдеу, жиһаз жасау және т.б. істерді қолға алған.

Бұл ретте жергілікті кәсіпкерлер қол ұшын созыпты. Бүгінде облыстағы түзету мекемелерінде 2 мыңнан астам адам жазасын өтеп жатыр. Оның 500-і жұмыспен қамтылған. 

Абзал ҚҰРМАНКИН