Еуропадан іріктеу кезеңінің плей-офф жеребесі тартылып, біздің қыздардың алғашқы қарсыласы анықталды. Қазақстан құрамасы плей-оффтың бірінші кезеңінде Ирландия Республикасымен бақ сынасады.
Алғашқы ойын 9 қазандаөз алаңымызда, ал қарымта матч Ирландияда 13 қазанда өтеді.
Егер Қазақстан құрамасы Ирландияны жеңсе, екінші плей-офф кезеңінде Бельгия – Польша жұбының жеңімпазымен кездеседі. Бұл ойындар 26 қараша мен 5 желтоқсан аралығында өтеді.