$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Казинвестбанк» салымшылары өз қаражаттарын бес күн ішінде ала алады

AstanaTV
14.02.2018ж. 20:00
2674
«Казинвестбанк» салымшылары өз қаражаттарын бес күн ішінде ала алады

Банкрот деп танылған «Казинвестбанктің» салымшылары бес күннің ішінде қаражаттарын ала алады. Ол үшін агент-банк ретінде бекітілген «Центркредит» банкінің кез-келген филиалына барып, өтініш толтыруы қажет. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының бас маманы мәлімдеді. Қордың дерегінше, қаражаты қайтарылатын тізімде 70-ке тарта жеке тұлға бар. Олар - Қарағанды, Алматы, Астана, Атырау, Павлодар мен Ақтөбе қалаларында. Бір күн ішінде тек үшеуі ғана өтініш жазған. Өзге салымшыларға хабар берілді, - дейді қор өкілдері. Жалпы сомасы 2 миллион теңгені құрайтын төлемді жақын күндері қайтару жоспарланып отыр.

Мадияр Сәттібаев, Қазақстанның ДКБҚ департаментінің бас маманы:

Бір аптаның ішінде «Казинвест» банктің салымшыларына ақшаны төлейміз деген. Ол үшін ең алдымен өздерімен бірге жеке төлқұжаттарын алып келу қажет. Және де өтініш толтырады. Егер барлық құжаттары дұрыс болған жағдайда, 5 жұмыс күні ішінде «Банкцентркредит» оларға ақшаларын қайтарып береді.

«Delta Bank» салымшыларын да жақсы жаңалық күтіп тұрған көрінеді. Күні кеше банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі шыққан. Енді 15 күн ішінде агент-банк анықталуы тиіс. 2 239 жеке тұлғаға 130 миллион теңгедей төлем қайтарылады.