$488.37 €559.77 ₽6.64
×

Шымкентте жеке тұрғын үйдегі өрт салдарынан көпбалалы ана көз жұмды

Шымкентте жеке тұрғын үйдегі өрт салдарынан көпбалалы ана көз жұмды

Шымкентте жеке тұрғын үйден өрт шығып 39 жастағы келіншек көз жұмды. Сегіз баланың анасы балаларының көз алдында отқа оранды. Қайғылы жағдай қала іргесіндегі Қайнарбұлақ шағын ауданында болды. Алапат өрт шыққан сәт бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Бұл жағдай күндіз болған. Белгілі болғанындай, қара жамылған отбасы көрпе-төсек тігумен айналысады. Куәгерлердің сөзінше, жалын ішінен анасын 17 жастағы тұңғыш ұлы алып шыққан. Ол да күйіп қалған.

АЙДОС БОРАНБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Әйелімді құтқара алмадым. Әйелім ана жақта жүрген ғой. Біз мақтамен айналысамыз. Арпалысып, әйелімді құтқарамын деп отты баса беріппін. Құтқара алмадық. 80 пайыз күйіп қалыпты әйелім.

ЕРЖАН ЫРЫСБАЕВ, ҚАЛА ТҰРЫНЫ:

Естідік та шауып келдік. Келсек уже өртеніп түк қалмаған мына жерде. 6-7 тонна мақта түк жоқ. Балдары сыртта жүріп жандалбаса болған ғой. Бірақ аман. Құдайға шүкір. Үлкен баласының мына жерлері күйіп әбіржіп қалды. Үлкен қызы вообще шок болып. Кішкентайлары қашып құтылып… осы жерде болған ғой бәрі”

Әзірге өрттің неден тұтанғаны белгісіз. Құзырлы органдар тексеріс жүргізіп, анықтап жатыр.