Астанада саяси және құрылымдық өзгерістерді іске асыру тетіктері талқыланды. Жиында конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, қоғамдық диалогтың маңызы, азаматтардың құқықтарын қорғау, конституциялық бақылау және конституциялық нормаларды іске асыру мәселелері көтерілді. Сарапшылар мемлекеттік шешімдер қабылдау барысында халық пікірін ескеру, сондай-ақ алдағы уақытта құрылатын Халық кеңесінің жұмысында дауыс беру тетігімен қатар ақылдасу және кеңесу механизмдерін енгізуді ұсынылды. Мамандар конституцияның құқықтық жүйені жетілдірудегі, демократиялық институттарды нығайтудағы және азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысуын кеңейтудегі рөліне ерекше тоқталды.
ЖАМАЛАДЕН ИБРАГИМОВ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:
Бұл іс-шараның маңызы бүгінгі таңда 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап заңдық күшіне енетін Конституцияның әрбір бабын азаматтарымызға таныстыру. Ғалымдардың болашақтағы іске енетін конституцияның әрбір бабтарына деген көзқарастарын білу және қоғамға осы заңның тиімді болатын тұстарын, олардың жақсы баптарын түсіндірумен өте маңызды.