Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақстандағы дәрі-дәрмек өнімдері 2017 жылы 7% қымбаттаған

AstanaTV
14.02.2018ж. 20:00
4561
Қазақстандағы дәрі-дәрмек өнімдері 2017 жылы 7% қымбаттаған

Қазақстандағы дәрі-дәрмек өнімдері 2017 жылы 7% қымбаттаған. Мұндай мәліметті Energyprom.kz. мониторинг агенттігі келтірді. Бағаның шарықтауы әсіресе гормоналды препараттарда байқалады. Яғни олардың құны 21% өскен. Ауруды басатын дәрілер 13% қымбаттады. Асқазан ішек жолдарын емдеуге арналған дәрілер 7,5%-ға артқан. Бір айта кетерлігі, Қазақстанда дәрумендер мүлде өндірілмейді. Сондықтан қымбатшылық оларды айналып өтпеген. Мұндай препараттар 5,5% қымбаттады.

Отандық дәрі өндірушілердің үлес салмағы да мардымсыз. Олар нарықтағы антибиотиктердің 14%-ын қамтамасыз еткен. Өзге препараттарды өндіру көрсеткіші 53%. Бүгінде дәрі-дәрмек өнімдері Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен  Алматы қаласында шығарылады.