$510.08 €539.61 ₽5.15
×

Елде салауатты өмір салтын насихаттау жұмысы төмен

AstanaTV
14.02.2018ж. 20:00
3824
Елде салауатты өмір салтын насихаттау жұмысы төмен

Елде салауатты өмір салтын насихаттау жұмысы төмен. Сондықтан бұл істі Салауатты өмір салты орталықтары қайта қолға алуы мүмкін. Осыдан екі жыл бұрын аталған ұйымның нысандары жекешелендірілген. Сондықтан орталық қызметі бәсеңдеп қалды. Ал кейбір облыстарда тіпті жабылып үлгерген. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясында өткен комиссия отырысында айтылды. Президент биылғы жолдауында "ауырып ем іздегеннен гөрі, ауырмаудың жолын іздеуді" тапсырған болатын.

Зәуреш Аманжолова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Қазіргі шақта осы бағдарлама бойынша бөлінетін қаржының барлығы мемлекеттік емханаларға бөлініп отыр. Бұрынғыға қарағанда соңғы 2 жыл ішінде приватизацияға берілгелі бері бұл жұмыстардың сапасы төмендегенін атап айтуға болады.

Салауатты өмір салтын насихаттауды жүзеге асыру үшін 11 облыста конкурстар өткізу кешіктірілген. Демек, бұл жұмысқа қаржы бөлінбеген. Бейнеконференцияда олардың әрқайсысы сұралды.

Еще 60 дней будем ждать, пока результаты будут? И те деньги, которые выделены на январь, февраль, что вы будете с ними делать?

Жиында, салауатты өмір салтын насихаттауды жолға қою үшін, бірқатар ұсыныстар енгізілді. Оның ішінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тамақтандыруды қайта қарау да бар. Және халықтық спортты дамыту үшін оқу орындарының құзыреті кеңеюі мүмкін.