3 дүркін әлем чемпионы, 54 келіге көтерілген Назым Қызайбай жартылай финалда Таиланд боксшысы Натнича Чонгпронгклангпен күндізгі сессияны ашты.
Алғашқы раунд қарсыластың еншісіне кеткенімен, қалған уақытта отандасымыз шабуылдағы белсенділігін арттырып, таразы басын өз жағына бұра алды. Қорытынды есеп: 3:2.