$488.37 €559.77 ₽6.64
×

Алматыда супермаркет қызметкерін балағаттаған әйел жазаланды

Алматыда супермаркет қызметкерін балағаттаған әйел жазаланды
Полиция

Әлеуметтік желіде супермаркет қызметкеріне тап беріп, әдепсіз мінез-құлық көрсеткен әйелдің видеосы тарады. Тәртіп сақшылары бұзақының жеке басын анықтап, жауапқа тартты.

Аталған оқиға Алматы қаласында болған. Желідегі даулы бейнежазбадан кейін полиция қызметкерлері жанжал шығарған азаматты бірден қолға түсірді. Тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік іс жүргізу материалдары жинақталып, сотқа жолданды.

Сот шешімімен кінәлі азаматқа 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. 

Алматы қалалық полициясы азаматтарды қоғамдық тәртіп талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Мекеме өкілдері агрессияның, әдепсіз мінез-құлықтың және қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін кез келген арандатушылық әрекеттердің соңы заң алдында жауап беруге әкелетінін ескертті.

«Азаматтардың өзара сыйластығы мен ынтымағы, сондай-ақ Заң мен Тәртіп қағидаттарын мүлтіксіз сақтауы – қоғамдық келісім мен ел бірлігін қамтамасыз етудің маңызды негіздерінің бірі», — деп мәлімдеді полиция өкілдері.