$488.37 €559.77 ₽6.64
×

Абылайхан Жүсіпов алтын алды

21.06.2026ж. 14:39
Абылайхан Жүсіпов алтын алды
Фото: instagram.com/jussupov_ablaikhan

Абылайхан Жүсіпов Қытайда өтіп жатқан Әлем кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әлем чемпионы, 70 келіде ең тәжірибелі боксшы саналатын Абылайхан Жүсіпов финалда Үндістан өкілі Дипакпен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Отандасымыз жекпе-жек бойы өте сауатты қимылдап, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Есеп: 5:0.

Отандасымыздың жарыстағы жолы:

½ финал. Зейад Ишаиш (Азия чемпионы) — 2-раундта қарсыластың жарақатына байланысты жеңіске жетті.

¼ финал. Шавкатжон Болтаев — 5:0

1/8 финал. Кайан Рейес (Әлем кубогының финалисі) — 5:0