$488.37 €559.77 ₽6.64
×

Өскеменде көпірден суға секірген ер адамды құтқарушылар алып шықты

Өскеменде көпірден суға секірген ер адамды құтқарушылар алып шықты
фото скрин

Өскеменде суға шомылу кезінде жарақат алған ер адамға құтқарушылар көмек көрсетті.

Оқиға Абай даңғылында болған. 36 жастағы ер адам шомылып жүріп көпірден суға секірген кезде аяғын жарақаттап алған.

Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жеткен. Құтқарушылар резеңке қайықпен зардап шеккен адамға жетіп, оны жағаға шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға және өміріне қауіп төндіретін әрекеттерге бармауға шақырды.