$487.01 €557.87 ₽6.59
×

Ақтөбеде тойға барған 100-ден аса адам ұшынды

Ақтөбеде тойға барған 100-ден аса адам ұшынды
ашық дереккөз

Ақтөбе облысында Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласындағы «Тұмар» мейрамханасына барған 100-ден аса азамат ұшынды.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, ішек инфекциясы жағдайларының тіркелуіне байланысты эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр.

«19 маусымнан бастап Мұғалжар аудандық ауруханасы мен облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына ішек инфекциясының белгілерімен 102 науқас медициналық көмекке жүгініп, ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 34 науқаста сальмонеллездің ықтимал жағдайы тіркелді. Аталған жағдайлар бойынша Ақтөбе облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне шұғыл хабарламалар жолданып, бактериологиялық зерттеу жүргізу үшін сынамалар алынды. Ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде деп бағаланып отыр. Оларға қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде», – делінген әкімдік хабарламасында.