$487.01 €557.87 ₽6.59
×

Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысы уақытша жабылады

23.06.2026ж. 18:37
Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысы уақытша жабылады
Фото: gov.kz

Астанада 23-24 маусым күндері Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы жолайрықтың екі съезі толық жабылады. Бұл күндері жол қызметтері жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмыстарын жүргізеді.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы жолайрықта жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

23-24 маусым аралығында келесі учаскелерде көлік қозғалысы толық тоқтатылады:

  • Мәңгілік Ел даңғылынан Түркістан көшесі бағытына қарай Сығанақ көшесіне түсетін оң жақ съез;

  • Түркістан көшесі жағынан Достық көшесі бағытына қарай өтетін оң жақ съез.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеруді сұрайды.