Жылдар бойы жалғасқан қанды кек пен екі әулеттің арасындағы қақтығысты тоқтату үшін Баран мен Дилан мәжбүрлі түрде некелеседі. Бақыттан үміт үзіп, тек адам өмірін сақтап қалу үшін қиылған одақ шынайы сезімге ұласа ала ма? Бұл - «Астана» телеарнасы көрерменге ұсынатын жаңа туындының желісі. Екі жастың оқиғасын баяндайтын «Жаралы жүрек» телехикаясы бұған дейін әлемнің миллиондаған көрерменін баурап үлгерген. Күрделі тағдырлар мен шынайы эмоцияға толы мазмұнды драманы бүгін кешкі сағат 9-да «Астана» телеарнасынан тамашалай аласыздар.