Ақмола облысында «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жиыны басталды. Өрендерді физикалық және интелектуалдық тұрғыда дамытуға бағытталған додада еліміздің өңірлерінен бөлек, бірқатар шет мемлекеттердің де жасөспірімдері қатысып жатыр. Бір апта бойы қатысушылар төрт бағыт бойынша өзара мықтыны анықтайды.
Жас сарбаздар Бурабай бөктерінде бас қосты. Биыл жиынға әрқайсысында 15 адамнан тұратын, 50 ден астам команда келген. Оның ішінде Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей мен Өзбекстан құрамалары бар.
НҰРСҰЛТАН КОШОЙ УУЛУ, Д.АСАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫРҒЫЗ ҰЛТТЫҚ ӘСКЕРИ ЛИЦЕЙІНІҢ ОФИЦЕРІ:
2024 жылы бірінші жолы келгенбіз. Алматыда Сайранда. 25 жылы келдік. Биыл тағы келдік. 15 мурашкер алып келдік. Бір жарым ай, екі ай даярлыққа көшті, балдар. Жақсы.даярлық бұйырса жақсы. Жеңішке жетеміз деген ойдомуз. Бұйырса.
ХАСАН АБДРАШИДОВ, «ВАТАН ТАЯНЧИ» ӘСКЕРИ-ПАТРОИТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Алдыңғы жылы 2025 жылы екінші орын алғанбыз. Жаман емес, жақсы. Біз бұл жаққа достық арттыруға келдік. Жақсы орын ап кетуге әрекет жасаймыз.
Жас сарбаздар жиыны осымен 12 жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Өткен жылы бабы мен бағы қатар шауып, шығыстың Абай қырандары командасы алтыннан алқа таққан. Биыл ағаларының жетістігін қайталауға інілері де мүдделі.
МАРЛЕН ЖАНАРБЕКҰЛЫ, "АРЛАН" КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Алдыңғы жылы Айбында біздің ағаларымыз гранпри ұтып алған. Олардың айтуы бойынша барлық команда мықты. Осы жылы жаңа командаларда жаңа адамдар келді. Енді жарыстарда ойындарда көреміз қалай болатынын.
Алғашқы жарыс күнін өрендер интелектуалды сайыспен бастады. Елім деген елгезек балалар заң туралы сұрақтарға жауап беріп, өз ойын ортаға салды.
Бұл елордалық жігіттердің Smart Sarbaz робототехника жарысына арнайы жасаған өнертабысы. Дрондарды істен шығарып, қашықтан басқарылатын техника әуеде де, жерде де әскер әлеуетін арттыратыны анық. Соонымен бірге, камера жабдықталған әскери көлік 360 градуста айнала алады.
ИБРАХИМ СҰЛТАН, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:
Адам қауіп кезінде мысалы, аяғын жарақаттап алды немесе қолын жарақаттап алған кезінде бұл робот келеді. Адам сол жерде мінгізіп жібереді да, сосын робот тез тез безопасный зонасына алып барады. Бұл глушитель интернет вайфай точка доступа бәрін глушить етеді. Тіпті ұялы телефон экранын, телевизорды да глушить етеді.
Қатысушылар дене дайындығы бойынша да бақтарын сынады. Ұлдар белтемірге тартылса, қыздар шалқасынан жатып, денені көтеру нормативін тапсырды. Бұл алаңда жастар әскери дайындықпен қатар, жауапкершілік, тәртіп, көшбасшылық қабілеттерін бойына сіңіреді. Бір сапта тұрған әр өңір мен әр елдің жастары ортақ мақсат жолында бірге әрекет етуді үйренері анық.