Халықаралық құзға өрмелеу федерациясы Краковта (Польша) өтетін әлем кубогы кезеңінің қатысушылар тізімін жариялады.
Қазақстан құрамасының өтініміне сегіз спортшы енді.
Краковтағы ірі халықаралық жарыста Ришат Хайбуллин, Әмір Маймұратов, Дамир Тоқтаров, Рашид Хайбуллин, Әлішер Мұрат, Тамара Олжабаева, Анна Баларшина және Арина Новицкая ел намысын қорғайды.
Айта кетейік, қазақстандық құзға өрмелеушілер жекелей сындарда да, эстафеталық жарыстарда да бақ сынайды.
Әлем кубогының кезеңі 3-5 шілде аралығында өтеді.