$485.4 €550.69 ₽6.41
×

Қызылордалық азамат суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарып қалды

Қызылордалық азамат суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарып қалды
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Суға батып кете жаздаған жасөспірімді құтқарған қызылордалық марапатталдҚызылорда қаласының әкімдігі Сырдария өзенінде суға батып кете жаздаған жасөспірімді құтқарып қалған Николай Гайдайға құрмет көрсетті.

Әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға кезінде бірнеше жасөспірім өзен жағасында шомылып жүрген.  Сол сәтте өзен жағасында балық аулап отырған Николай Гайдай жасөспірімнің өміріне қауіп төнгенін дер кезінде байқап, еш ойланбастан көмекке ұмтылған. Нәтижесінде жасөспірімді жағаға аман-есен шығарып, оның өмірін сақтап қалды. Азаматтың батыл әрекеті мен жоғары жауапкершілігі ескеріліп, оған қала әкімінің алғыс хаты мен арнайы сый-сияпаты табыс етілді.