$486.47 €554.77 ₽6.26
×

Маңғыстауда алиментті қасақана төлемеген борышкерлер жауапқа тартылды

AstanaTV
26.06.2026ж. 19:00
Маңғыстауда алиментті қасақана төлемеген борышкерлер жауапқа тартылды

Маңғыстауда міндеттемелерін орындамаған 9 борышкерге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тағы 14 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 39 баланың құқығы қорғалып, олардың пайдасына 7,5 миллион теңге өндірілген. Ал екі жыл бойы алимент төлемей, 4,7 миллион теңге қарыз жинаған азамат бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Прокуратура алименттен әдейі жалтарғандарға заң аясында қатаң шара қолданылатынын ескертеді.