$486.47 €554.77 ₽6.26
×

Шымкентте өрттен екі адам зардап шекті

Шымкентте өрттен екі адам зардап шекті

Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы жеке қоймалардың бірінің аумағында өрт шықты. Оқиға салдарынан екі адам зардап шекті. Исфиджаб тұрғын алабында орналасқан қойма ғимараттарының шатыры мен нысан аумағында сақталған резеңке бұйымдар жанған. Өрт ошағына жақын жерде дизель отынымен толтырылған жүк көлігі тұрған. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар қызметінің жеке құрамынан  56 адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері мен мән-жайы анықталуда. Ал жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді. 1968 жылғы науқастың беті-қолы мен аяғы 16 процент күйген, ал екіншісі 1982 жылы туылған азамат. Термиялық күйік жалынымен жарақаттың 20 пайызы және 2-ші-3-ші дәрежелі күйік алған.  Дәрігерлер екеуінің жағдайлары орташа ауырлықта деп бағалап отыр.

МӘДИНА  ЕРМАХАНБЕТОВА, Е.ОРЫНБАЕВ АТЫНДАҒЫ ГИПЕРБАРИЯЛЫҚ ОКСИГЕНАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Екі науқас та қабылдау бөлімінде қарап, жағдайларының орташа дәрежелі болуына байланысты біз оларды күйік бөліміне жатқыздық. Келгеннен бастап толық медициналық көмекті алды. Қазіргі жағдайлары орта дәрежелі ауырлықта. Екі апта көлемінде ол кісілер бізде ем алады.