Қысқы олимиада ойындарында жерлестеріміздің аяқ алысы қалай? Шаңғышылар ішінде үздік 50-дің ішіне енген кім? Кореяда өтіп жатқан жарыс жаңалықтары туралы келесі материалда.
Мария
Григорьева ауа райының қолайсыздығынан кейінге қалған жарысқа қатысты. Тау
спортын игерген ол өзінің алғашқы олимпиадасында 51-ші болып келген. Америкалық
Микаэла Шиффрин жарыс жеңімпазы атанды. Күміс норвегиялық Рагнхильд Мовинкельге
бұйырса, қола италиялық Федерике Бриньонге бұйырды.
Қазақстандық
шаңғышы Валерия Тюленева жекелей жарысудан ТОП-50-ге енді. Оның алдына Рагниль
Хаги түскен. Ал Анна Шевченко болса, 56-шы орында, әріптесі Елена Коломина
63-ші орынға табан тіреді.
Қазақстандық
төрт бірдей биатлоншы ойдағыдай өнер көрсете алған жоқ. Біздің құраманың ең
үздік көрсеткіші 45-ші орын. Галина Вишневская 4 мәрте нысанадан мүлт кетіп,
швед спортшысы Ханна Эбергтен 5 минут кешігіп келді.
Ал Канада мен АҚШ хоккейшілері алаңда жаппай тәртіпсіздік орнатты. Бір қызығы, төбелес ойын аяқталуға бір минут қалғанда басталып кеткен. Бұл сәтте Канада 2:1 есебімен алда келе жатқан еді. Осыдан соң екі хоккейшіге тәртіпке бағынбау бойынша айып салынды. Екі команда да турнирдың жартылай финалына жолдама алды.
Абзал ҚҰРМАНКИН