$485.82 €554.03 ₽6.24
×

Теміржолдағы қауіп: 440 жағдайда пойыздар малдың кесірінен шұғыл тежелді

Теміржолдағы қауіп: 440 жағдайда пойыздар малдың кесірінен шұғыл тежелді
Polisia.kz

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінде пойыздардың 642 рет шұғыл тежелу фактісі тіркелсе, оның 440-ы теміржолға жануарлардың шығып кетуіне байланысты болған.

Өткен демалыс күндерінің өзінде Ақтөбе, Павлодар, Абай, Жетісу және Жамбыл облыстарында осындай бірнеше оқиға тіркелді. Машинистер теміржол бойында жылқы мен ірі қара малдың жүруіне байланысты шұғыл тежегішті қолдануға мәжбүр болды. Кейбір жағдайларда локомотив бригадаларының жедел әрекетінің арқасында малды қағып кетудің алдын алу мүмкін болды. Аталған фактілер бойынша үй жануарларының барлық иелері көлік полицейлерімен анықталып, теміржолдың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Әрбір шұғыл тежелу пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне, жолаушылар мен теміржол қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп қана қоймай, пойыздар қозғалысы кестесінің бұзылуына және материалдық шығындарға әкеп соғуы мүмкін. Осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында көліктегі сақшылары теміржол маңындағы елді мекен тұрғындары мен мал иелері арасында тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіп, теміржолға жақын жерде мал жаю қағидаларын түсіндіруде. Соған қарамастан, кейбір азаматтар белгіленген талаптарды елемей, қауіпті жағдайлардың туындауына себеп болуда. Көліктегі ПД барлық мал иелерін жауапкершілік танытып, үй жануарларын теміржолға жақын жерде қараусыз жаймауға шақырады.