$480.72 €548.07 ₽6.14
×

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Қарин Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды

AstanaTV
30.06.2026ж. 19:00
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Қарин Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Қарин Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған Мемлекеттік кеңесші лауазымынан босатылды.  

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Және Мемлекет басшысының Жарлығымен Әмірбек Оспанбеков Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы лауазымынан босатылды.