Алматы облысында автокөліктің үстіне ағаш құлап, әйел адам мерт болды. Оқыс оқиға Еңбекшіқазақ ауданындағы Еңбек және Қырбалтабай ауылдарының арасында болған. Ағаш екі жеңіл автокөліктің үстіне құлаған. Зардап шеккен бес адам ауруханаға жеткізілді. Оның үшеуі жансақтау бөліміне, 11 жасар қыз балалар ауруханасына жатқызылған. Енді біріне медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді. Ал 61 жастағы әйелді дәрігерлер аман алып қала алмаған.
ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ КӨПСАЛАЛЫ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ:
39 жастағы ер адамның жағдайы ауыр деп бағалануда. Бас-ми жарақаты және жүрек пен өкпе зақымданған. Екіншісі травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр, жағдайы тұрақты. 34 жастағы ер адам үйіне жіберілді, дәрігерлер бақылауында. 11 жастағы қыз балалар ауруханасына ауыстырылды, жағдайы тұрақты.