Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде бүгінде 500-ден астам сотталған азамат тіркеуде тұр. Оларды қоғамға бейімдеу және тұрақты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
Қызылорда қаласы әкімінің қаулысына сәйкес, пробация есебіндегі азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында квота аясында арнайы бос жұмыс орындары бөлінген. Осыған байланысты қалалық пробация қызметінің инспекторлары жұмыссыз жүрген сотталғандарға тұрақты түрде қолдау көрсетіп, нәтижесінде 43 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды. Қалалық пробация қызметінің бастығы Фариза Сембаеваның айтуынша, квота арқылы жұмысқа орналасқандардан бөлек, жыл басынан бері тағы 24 сотталған тұрақты еңбекпен қамтылған.
– Қазіргі уақытта олардың барлығы өз еңбек міндеттерін атқарып жүр. Сонымен қатар пробация есебіндегі азаматтардың арасында жеке кәсібін ашуға ниетті жандар да бар. Есепте тұрған тұлғаларға әлеуметтік, құқықтық және өзге де қажетті қолдау тұрақты түрде көрсетіледі. Инспекторлар оларды күнделікті бақылауда ұстап, тұрғылықты мекенжайларына барып тексеру жүргізеді. Сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастырады, – деді Фариза Сембаева.
Пробация қызметінің негізгі міндеттерінің бірі – сотталған азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне қолайлы жағдай жасау. Оларды тұрақты жұмыспен қамту – қайта қылмыс жасаудың алдын алуға, әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға және қоғамға толыққанды бейімделуіне ықпал ететін маңызды