$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Бишімбаев өзін арандатушылардан қорғау туралы сотқа өтініш жолдады

AstanaTV
16.02.2018ж. 20:00
2708
Бишімбаев өзін арандатушылардан қорғау туралы сотқа өтініш жолдады

Ал экс-министр Қуандық Бишімбаев өзін арандатушылардан қорғау туралы сотқа өтініш жолдады. Бүгінгі отырыста ол тергеу изоляторында орын алған жағдайларды баяндады. 

Қуандық Бишімбаев, айыпталушы:

Бір апта бойы әлдебірулер келіп, заңсыз әрекетке баруға үгіттеді. Менің көзімше елдің жоғарғы басшылары жайлы жағымсыз сөздер айтты, тоқтатыңдар десем де, қоймады. Құрметі судья, мен мұны әкімшілік пен басқа да органдарға жеткізуді сұраймын. 

Бүгін Астанадағы мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотта экс-министр ісі бойынша жарыссөз өтуі тиіс болған. Алайда, екі бірдей адвокат пен прокурордың келмеуіне байланысты істі қарау дүйсенбіге қалды.

Еске салсақ, Қуандық  Бишімбаев мемлекет қаржысын жымқырды деп айыпталған. Онымен бірге тағы 22 адамның ісі қаралып жатыр.