Халықтық Конституция ел дамуының жаңа парағын ашты. Тұрғындар осылай дейді. Басты құжаттағы жаңашылдықтар мемлекет тұрақтылығын нығайтып, мүмкіндіктерді арттырмақ.
БЛИЦ:
ОРАЛ
- Өзгерістердің бәрі халықтың қамы үшін жасалған деп сенемін. Бұл біздің өмірімізді жақсартады.
- Біздің құқықтарымыз, отбасымыздың құқықтары, барлығы да осы Ата заңда кеңінен қамтылып жатыр.
ПАВЛОДАР
- Екі палаталы парламенттің орнына құрылтай құрылып жатыр ғой. Бұның барлығы тарихи маңызы мен тарихи бағытына қарайтын болсақ, еліміздің бір шешімге келіп, болашаққа жарқын қадам басып жатқанының көрінісі болады деген ойдамын.
-Жаңа Ата заңдағы әрбір заң болсын, бап болсын біздің азаматтар үшін пайдасы зор. Ел игілігі үшін қызмет етеді ғой.
ҚАРАҒАНДЫ
- Ең біріншіден мына бала құқығын нығайту өте дұрыс деп ойлаймын. Ел болғаннан кейін ең бірінші бесігін жөндеу керек деп айтады ғой.
ПЕТРОПАВЛ
- Жаңа конституцияда жауапты, әрі жасампазды отаншылдық дейді. Отансүйгіш сезімді тәрбиелеп жатыр Конституция. Қандай керемет нормативті-құқықтық акт.
- Қазақстан халықтық кеңесі құрылатындығы ұнайды. Мен ойлаймын ең негізгі міндеті - халықтың пікірін білдіру. Мына құрылтайға заң шығару жағында осы халық кеңесі ұсыныстар жасайтын болады.