Астана күніне орай елордада «ASTANA LEGASY: Тарих. Жады. Болашақ» атты республикалық форум өтті. Бас қаланың тарихын дәріптеп, ұлттық мұраны болашақ ұрпаққа аманаттау -шараның басты мақсаты. Басқосу барысында белгілі ғалымдар баяндама жасап, қаланың қалыптасу жолы мен рухани құндылықтарын талқылады. Шара патриоттық концерттік бағдарламамен қорытындыланды.
ЖАНГЕЛДІ БИМОЛДИН, ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВ ДИРЕКТОРЫ:
Бұл жерде біз арнайы архив қорларында сақтаған құжаттардан көрме көрсетіп отырмыз. Ол көрмеде, Қараөткелден бастау алатын бүгінгі Ақмола мен арадағы үлкен бейнесі көрсетіледі. Көрмеде біздің өзіміздің көзқарасымыз, болашақта Астананы қалай көргіміз келеді. Соны да суреттеп отырмыз.