$474.47 €541.37 ₽6.08
×

«Әділет» партиясы облыстық филиалдарының басшылық құрамын толық жасақтады

AstanaTV
02.07.2026ж. 19:00
«Әділет» партиясы облыстық филиалдарының басшылық құрамын толық жасақтады

«Әділет» партиясы өңірлердегі құрылымдық жұмыстарды толықтай аяқтады. Елдің барлық аймағында өткен конференциялардың қорытындысы бойынша облыстық филиалдардың басшылары, Саяси кеңес мүшелері және Тексеру комиссияларының құрамы сайланды. Дауыс беру нәтижесінде аймақтық бөлімшелердің жаңа құрамы нақты бекітілді. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Конституция – Жаңа Дәуір» атты үндеуін қолдау болды. Айта кетерлігі, бұл жолы Саяси кеңеске  808 адам еніп, құрам айтарлықтай жаңарды. Мұнда әртүрлі сала мамандарына басымдық берілген. Мысалы, кеңес мүшелерінің 22 %- дан астамы - шағын және орта бизнес өкілдері. Сондай-ақ, білім, үкіметтік емес ұйымдар, өнеркәсіп пен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері және

5 %-дан астам журналист бар. Ал қаржы мен құқық саласының білікті мамандарынан құралған тексеру комиссиясына 100 адам сайланды.