$474.47 €541.37 ₽6.08
×

Елорда күніне арналған мүшәйра қорытындыланды

Елорда күніне арналған мүшәйра қорытындыланды

Елордада республикалық мүшәйра қорытындыланды. Еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан ақындар Астана күніне орай жыр шумақтарын  жолдаған. Тәуелсіздіктің 35 жылдығы да басты тақырыптардың бірі болды. «Байрағы биік байтағым» деп аталған ақындар байқауы туралы толығырақ тілші тарқатады.

Биыл жыр байқауына  122 ақын қатысты. Халқымыз үшін қасиетті құндылықтарды дәріптеуге келгенде әр ақынның делебесі қозады, - дейді қазылар алқасының мүшелері. Себебі, еңсесі биік Елорда мен Тәуелсіздік тақырыптары көпшілікке шабыт сыйлаған. Күні кеше қабылданған Жаңа Конституция тақырыбы да, жыр шумақтарынан көрінген.

ДӘУЛЕТКЕРЕЙ КӘПҰЛЫ, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жалпы, бұл мүшәйра бізде – елдікті жырлау, азаттықтың қадірінбілу және байтақ Астанамыздың көгеріп-көктегенін, жасап-жайнағанын ақындар тілінде өлеңмен өрнеп, хатқа түсіп жатыр.

Ақындардың ішінде осалы жоқ, - дейді белгілі қайраткер Ғалым Жайлыбай. Жүлдегерлерді іріктеу қиынға соққан.

ҒАЛЫМ ЖАЙЛЫБАЙ, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазылар алқасы қиналып қалатын жағдайлар болады. Осы жолы 122 ақын қатысыпты. 12 орын. Біздің арамызда да үлкен айтыстар, әртүрлі көзқарастар болды. Ол – заңдылық деп ойлаймын.

100 астам жыршының ішінен елордалық Нұржан Қуантайұлы үздік  шығып, гран-при жеңіп алды. Ақынның айтуынша, ғұмырында бұндай жетістікке алғаш жетіп отыр.

НҰРЖАН ҚУАНТАЙҰЛЫ, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ:

Міне, мүшәйра мәресіне жетіп, бас жүлдеге қолымы жетіп отыр. Бұл, әрине, ақын үшін үлкен мәртебе, үлкен қуаныш. Сондықтан, осы жүлдеге қол жеткізіп отырғанымызға қуанып отырмыз.

Айта кетейік, 15 жылдық тарихы бар жыр байқауына осы аралықта 2 мыңға жуық ақын қатысқан.