Рухани жаңғыру бағдарламасы Елбасының ерекше бақылауында. Президент Әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков осылай деді. Ақордада қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті. Жақсыбеков бағдарламаны іске асырудың жаңа кезеңінде осы қарқыннан танбау керек деді. Былтыр Париждегі UNESCO штаб-пәтерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы таныстырылды. Отандық театрлар, музейлер және музыкалық ұжымдардың қатысуымен 20 шақты шетелдік гастрольдер, көрмелер мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Ал "Туған жер" бағыты бойынша 700-ден астам жобаға меценаттар есебінен 51 млрд теңге көмек берілген.
Әділбек Жақсыбеков, ҚР Президент Әкімшілігінің жетекшісі:
Қоғамдық сананы жаңғырту және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру - барлық мүдделі тараптардың, оның ішінде азаматтық қоғам институттарының, ғылыми, шығармашылық зиялылардың белсенді қатысуын талап ететін процесс.
«Қасиетті Қазақстан» бағдарламасы аясында киелі нысандардың виртуалды картасы әзірленді. БҰҰ-ның 5 тілінде әлемдік арналарда деректі фильмдер түсірілді.
Берік Әбдіғали, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі:
Мұзтау
дейді, Шарын, бұрын білмеген Хан тәңірі, Әзірет сұлтан, Бекет ата - туризмге қызғушылық өсіп жатыр да әлемде осындай жерлерге.